Accessibility links

Грекия бомбасы бар пакеттерге қатысты хат тасымалын тоқтатты


Грекия полициясының хабарлауынша, билік алдағы екі күн Грекиядан шетелдік елдерге жолданатын барлық хат-пакет тасымалдарын тоқтатып отыр.

Бұл хабарлама Афиныдағы Швейцария, Ресей, Чили, Болгария елшіліктеріне бомбасы бар хаттар жетті деген күдіктен кейін таратылып отыр.

Сонымен қоса жарылғышы бар пакет Германия канцлері Ангела Меркелдің Берлиндегі кеңсесінен табылған. Грекия полициясының мәлімдемесінде, хат тасымалы толық тексеру жүргізу үшін 48 сағатқа тоқтатылады делінген.

Бомбасы бар пакеттерді Грекияның анархисттері жолдаған дедеген күдікпен, екі грек азаматы сейсенбі күні қамауға алынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG