Accessibility links

Хорват журналисінің өліміне қатысты 6 адам сотталды


Бүгін Загреб соты белгілі хорват журналисі Иво Пуканичті өлтірді деген айыппен алты адамға 15 жылдан 40 жылға дейінгі түрме жазасын берді.

Пуканич хорватиялық саяси апталықтың бас редакторы болған. Онымен бірге жүрген әріптесі Нико Франжич 2008 жылы Загребте көліктеріне қойылған бомба жарылысынан қаза тапқан.

Пуканич ұйымдасқан қылмыс пен сыбайласқан жемқорлық істеріне журналистік зерттеу жүргізумен танылған. Оның өліміне қатысты сотталған алты адамның біріне үкім сырттай шығарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG