Accessibility links

Ахмадинежад Ресейді зымыран келісімінен бас тартты деп айыптады


Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Ресейді Иранға қару сату жөніндегі зымыран келісімінен бас тартты деп айыптады.

Ресей президенті Дмитрий Медведев қыркүйек айында S-300 деп аталатын жер мен әуе зымырандарын Иранға сатудан Теһранның ядролық бағдарламасына қарсы салынған БҰҰ-ның санкциясына байланысты бас тартқан.

Ахмадинежад бұл туралы елдің солтүстік-шығысында өткен қоғамдық шеру кезінде айтқан. Ол "Иран бұл келісімнің әлі де күші бар деп қарастырады, егер Ресей оны орындамаса Иран өз құқын қорғауға тырысады" деген.

Ресей Иранға келісімге сәйкес алдын-ала төленген ақшасын қайтаратынын айтқанымен, оған өтемақы берілмейтінін алға тартқан.
XS
SM
MD
LG