Accessibility links

Франция: ирандық әйел дарға бүгін асылмайды


Франция сыртқы істер министрінің айтуынша, еріне опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасын алған ирандық әйелдің үкімі бүгін орындалмайды. Министр Бернард Кушнер бұл мәліметті ирандық әріптесімен болған телефон әңгімесіне сілтеме жасап айтып отыр.

Германияда орналасқан таспен атып өлтіруге қарсы халықаралық комитет сейсенбі күні "Сакине Мохаммади Аштиани сәрсенбі күні таспен емес дарға тартылып өлтірілуі мүмкін" деген.

Осы жылдың басында Аштианиді таспен атып өлтіру үкімінің орындалуы белгілі деген саяси және діни тұлғалардың қарсылығына байланысты кейінге қалып келген. Олар бұл үкімді "ортағасырлық, жабайы әрі қатыгез жаза" атаған.

Франция сыртқы істер министрімен сөйлескен Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Аштианиге қатысты ақпараттар шындыққа сай келмейді деген. Бұл тұста Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Мехманпараст Батысты бұл іске қатысты Иранға қысым жасауға тырысуда деп айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG