Accessibility links

Оралда қайық аударылып, төрт адам суға батып кетті


Батыс Қазақстан облысында бір отбасы, оның ішінде 5 жасар сәби Орал өзеніне батып кетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Қайғылы оқиға 3 қарашада таңертең Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылдық округінде болған. Өзеннің келесі бетіне өтпек болған алты адам мінген ағаш қайық аударылған. Қайықтың ішіндеггі төрт адам, оның ішінде 2005 жылы туылған сәби суға батып кеткен. Қалған екі адам су бетіне өз күштерімен шыққан.

Әзірге тек бір адамның денесі табылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG