Accessibility links

Таиланд: су тасқынынан жүзден астам адам қаза тапты


Таиланд билігінің хабарлауынша, су тасқынынан жүзден аса адам қаза тапқан. Одан бөлек апат аймағында төрт миллионға жуық адам қалып қалған. Табиғи апаттан Сонгкла провинциясы қатты зардап шегіп отыр.

Құтқару операциясына әскери-теңіз күштері, әуе әскері мен техникасы жұмылдырылған. Басты мақсат - зардап шеккен адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу.

Таиландта осы аптаның басында болған су тасқыны соңғы жүз жылдағы аса ірі апат деп бағаланып отыр.
XS
SM
MD
LG