Accessibility links

Иран: Британиямен байланысты 4 террорист қамауға алынды


Бүгін Иран билігі Британиядағы күрдтер базасынан ақша алып, Иранда қастандық әрекеттерін жасады деген күдікпен 4 адамды қамауға алғандарын айтты.

Ирандық ақпарат құралдары билік өкілдерінің сөздеріне сілтеме жасап, елдің батысындағы Мариван қаласынан соңғы екі жылда бес қастандық шабуылын жасады деген күдікпен 4 адам қамалды деп айтқанын хабарлады. Онда қастандық құрбандары кімдер болғаны жайлы айтылмаған.

Тек олар Британиядағы күрдтердің Комала қолбасшысынан ақша алып тұрған деп айтылды. Британия болса, мұндай айыптауларға еш негіз жоқ деп, оны түбегейлі жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG