Accessibility links

Ресей "ұлттық бірігу" күнін атап өтуде


Бүгін Ресейдегі "ұлттық бірігу" күніне арналған шеруге мыңдаған адам қатысады деп хабарланды. Бұл мереке Ресейде 2005 жылдан атап өтіліп келеді.

Сол кездегі президент Владимир Путин 7-ші қараша большевиктердің 1917 жылғы "қазан төңкерісін" еске алу күнінің орнына, 4-ші қараша "ұлттық бірігу" күні деп жариялап, мемлекеттік мерекеге айналдырған.

Мәскеуде бұл күні Кремльге жақын жастар тобы мерекелік шеру ұйымдастырады. Сонымен қатар билік 5500-дей адамның елдегі иммиграцияға қарсы жиын өткізуіне рұқсат берген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG