Accessibility links

БҰҰ Ирақтағы шабуылдарды айыптады


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Ирақта 110 адамның өмірін қиған шабуылдарды адам шошытарлық деп айыптады. БҰҰ таратқан мәлімдемеде, Пан Ги Мун бұл жарылыстарды ақтауға болмайтын, қатты айыптайтын әрекеттер деген.

Ол ирақтықтарды мұндай қатыгез шабуылдар кезінде бекем болуға, ұлттық бірлік жолында бірігуге үндеді.

Сейсенбі күні Ирақ астанасының шийттер басым тұратын аймақтарында бірнеше шабуыл болып, 60-тан аса кісі құрбан болды. Сондай-ақ, жексенбі күні 50-ден аса ғибадатшы мен полиция қызметкерлері католик шіркеуіндегі атыста қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG