Accessibility links

Сербия президенті соғыс кезіндегі қырғын үшін кешірім сұрады


Сербия президенті Борис Тадич 1990 жылдары Хорватия соғысы кезінде сербтер жасаған қырғынның ең ауыры - 1991 жылғы Вуковардағы жауыздықтар үшін кешірім сұрайтынын айтты.

Тадич серб көтерілісшілерінің 260 хорватты өлтірген Вуковар қаласына барған алғашқы Сербия жетекшісі. Овчара мемориалына гүл шоғын қойған Сербия жетекшісі құрбандардың рухына тағзым етіп, тағы да бұл қырғын үшін өкінішті екенін айтты.

Борис Тадич хорватиялық әріптесі Иво Иосиповичпен 1991 жылы хорватиялық күштердің қолынан қаза тапқандар жатқан жерге барып, гүл қояды. Тадичтің сапары Еуропа Одағына мүше болуды көздеген екі елдің арасында бітімге келуге бастаған қадам ретінде болып отыр.
XS
SM
MD
LG