Accessibility links

Қазақстан адам дамуы деңгейінен әлемде 66 орында


Қазақстан 169 мемлекеттегі денсаулықтың, білім мен кірісінің жиынтық ұлттық көрсеткіші болып табылатын адам әлеуетінің даму индексінде 2010-жылы 66-шы орында. Бұл туралы БҰҰ даму бағдарламасының биылғы 20-шы есепті баяндамасында хабарланған.

Қазақстанның алдында Ресей – 65-ші орында, 67-ші орында – Әзербайжан келеді.

Даму рейтингінде әлемдегі көшбасшы мемлекет ретінде Норвегия, Австралия мен Жаңа Зеландия танылған. Рейтингте соңғы орынды Нигер, Конго Демократиялық Республикасы мен Зимбабве алып отыр, делінген баяндамада.

БҰҰ даму бағдарламасы жыл сайын адам дамуы туралы баяндама жариялайды.
XS
SM
MD
LG