Accessibility links

Қазақстанның бильярдтан абсолютті чемпионы анықталды


Әуез Елубаев бильярдтан екінші рет Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

Төрт күнге созылған жарыста чемпион атағын Ернар Шымбаев, Бақтишат Зайнаудин, Эмиль Мударисов, Әлібек Омаров, Дмитрий Кириллов, Әуез Елубаев, Азат Түменов және Ильдар Мингазитдинов өзара сарапқа салған болатын.

Республикалық рейтингтегі үздік 8 тастаяқ шебері онда орыс бильярдының - қозғалмалы (динамикалық), құрастырмалы және еркін пирамида түрлерінен айналым жүйесі бойынша күш сынасты.

Былтыр бұл мәртебеге шымкенттік Эмиль Мударисов ие болған еді. Өткен жылы Әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, астаналық Әуез Елубаев биыл 2008 жылғы нәтижесін қайталап, екінші рет Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG