Accessibility links

БҰҰ Nazarbayev University-ге көмек көрсетеді


БҰҰ Nazarbayev University-ге ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға көмектеспек. Ұйым келешегі бар жас ғалымдарды тартуға және ағарту, білім, мәдениет, заң, экономика және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық орнатуға көмек көрсетеді.

Жоғарғы оқу орны баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты өзара түсіністік туралы меморандумға бүгін қол қою жоспарланып отыр.

Меморандумға сәйкес, бірлескен қызмет гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға бағытталады. Денсаулық сақтау және адами капиталды дамыту мәселелеріне де көп назар аударылады.
XS
SM
MD
LG