Accessibility links

Астанада үлескерлер Нығматуллинмен кездесуді талап етуде


Бүгін таңертең Астанада "Лайықты баспана үшін" қоғамдық қозғалысының жүзге тарта өкілі "Нұр Отан" партиясына келді. Олар партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллинмен кездесуді талап етуде. Бұл туралы телефон арқылы Азаттық тілшісі хабарлап отыр.

Жиналғандарды ғимараттың ішіне кіргізгенімен, БАҚ өкілдері сыртта қалған.

Партияның конференц залында үлескерлермен "Нұр Отанның" хатшысы Сергей Громов кездескен. Ол Нұрлан Нығматуллиннің қалада жоқ екендігін айтып, үлескерлер өтінішін тыңдауға келіскен. Алайда үлескерлер "басшылықтан ешкім кездеспейінше ғимаратты босатпаймыз" дегенді жеткізген.

Айта кету керек, үлескерлер ертең Астанада рұқсат етілген екі сағаттық митинг өткізеді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG