Accessibility links

Париж бен Бейжің ядролық энергетика саласында келісімге келді


Франция мен Қытай ядролық энергетика саласындағы, олардың өздері мәлімдегендей, «стратегиялық» әріптестік құру жөнінде уағдаласты. Ол туралы Қытай төрағасы Ху Цзиньтяоның Францияға 3 күндік мемлекеттік сапары басталған бейсенбі күні хабарланды.

Сапардың алғашқы күні Франция мен Қытай арасындағы жалпы құны 20 миллиард долларды құрайтын жаңа келісімдерге, оның ішінде ядролық энергетика саласындағы келісімге келгені жарияланды.

Француз президенті Николя Саркози мәлімдегендей, екі ел ядролық реакторлар, уран өндіру мен қайта өңдеу және бірлесіп өндірген ядролық отын өнімдерін үшінші елге сату саласында ынтымақтасады.

Саркозидің атап көрсетуінше, ядролық энергетика саласында Франция Қытаймен ешқандай шектеусіз стратегиялық әріптестік құруды көздейді.

Француз президенті Қытайдағы адам құқының бұзылуына наразылығын айтпағаны үшін сынға қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG