Accessibility links

Индонезия: жанартаудың оянуынан 100 адам қаза болды


Индонезияның Ява аралындағы Мерапи жанартауының қайта оянып, от шашуының салдарынан қаза болғандардың саны 100-ге жетті.

Ауруханалардың өкілдері хабарлағандай, жұма күні жанартаудан ыстық күл мен газ атылғанда кем дегенде тағы 49 адам қаза болып, 60-тан ас там кісі күйік алды, кейбірі хал үстінде.

Мерапи жанартауы 26 қазан күні оянды. Жұма күні таңертең таулы ауылдардың бірінде газ бұлты жарылды. Индонезия үкіметі тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруді қажет ететін аумақты тағы да кеңейтуге мәжбүр болды.

Мерапи тауынан 20 шақырым қашық орналасқан мекендердің тұрғындары түгел көшіруге жатады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG