Accessibility links

Грузияда тыңшы деген 13 күдікті ұсталды


Грузияның ішкі істер министрлігі Ресейдің пайдасына тыңшылық етті деген күдікпен ел аумағында ұсталғандар туралы ақпаратты жариялады. Олардың аты-жөндерін хабарлады.

Жұма күні Тбилисиде өткізген брифингінде министрліктің қарсы барлау департаменті директорының орынбасары Отар Орджоникидзе хабарлағандай, 13 кісі тұтқындалды, олардың тоғызы грузин азаматтары, қалған төртеуі – ресейліктер.

Ол атап көрсеткендей, күдіктілерді тұтқындаған арнайы операция бірнеше кісі өз айыптарын мойындап министрлікке келуінен кейін іске асырылды.
XS
SM
MD
LG