Accessibility links

Батыстың 7 компаниясы 236 млн. доллар айыппұл төлейді


7 компания, атап айтқанда - Royal Dutch Shell, Швейцарияның жүк компаниясы, мұнай саласында қызмет көрсететін 4 фирма мен АҚШ-тың теңіз компаниясы шетелдік шенеунектерге пара бергені үшін өздеріне тағылған азаматтық және қылмыстық айыптар бойынша АҚШ-қа 236 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті. Ол туралы АҚШтың Әділет министрлігі хабарлады.

Швейцарияның Panalpina компаниясы 2002-2007 жылдары Қазақстан, Әзірбайжан, Нигерия, Бразилия сынды елдердің шенеунектеріне 27 миллион доллар пара бергенін мойындады.

Аталған компаниялар кеден және импорт салықтарын және жалпы салық көлемдерін азайту мақсатымен 10-нан аса елдің кеденшілеріне миллиондаған доллар ақша берді деп айыпталды.

Оған қоса осы компанияларға мұнай ұңғыларын бұрғылайтын қондырғыларды әлгі елдерге алып кіру үшін жалған құжаттар алу мақсатымен пара берді деген күдік түсіп отыр.

Компаниялар АҚШ-тың Әділет министрлігіндегі тыңдауды реттеу үшін 156,5 миллион доллар қылмыстық айыппұл, құнды қағаздар мен биржалар бойынша Комиссия таққан азаматтық айыптар бойынша 80 миллион, бас-аяғы 236 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті.
XS
SM
MD
LG