Accessibility links

Пәкістан: мешітке шабуыл болып, 50 кісі опат болды


Пәкістанның солтүстік-шығысында жанпидашыл-қаскүнемнің мешітке жасаған шабуылынан қаза болғандардың саны 50-ге жетті, жараланғандар 80-ге тақады.

Қастандық жарылыс Дарра Адам Хел ауданындағы Пешавар қаласының шетіндегі жергілікті сүнниттердің мешітінде жұма намаз уағында болды.

Қазір қастандықтың жай-жапсарын тергеу басталды.
XS
SM
MD
LG