Accessibility links

Сербия мен Хорватия өзара бітімге келді


Еуропа Одағы мен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті соғыстан кейін 19 жыл өткен соң Хорватия мен Сербияның өзара бітімге келуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Өткен бейсенбі күні Хорватия мен Сербия президенттері Иво Йосипович пен Борис Тадич 1991 жылғы соғыстың құрбандары жаппай жерленген зираттарға бірге барып, екі жақтың да істеген соғыс қылмыстарына сын айтты.

ЕуроОдақтың одақты кеңейту мәселесі бойынша мекемесінің басшысы Стефан Фуле бұл әрекетті «бітімге жету жолындағы маңызды қадам» деп сипаттады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филип Кроули «бітімге жету процесінің жалғасуына» қанағаттанатынын мәлімдеді.

Ресми Белград пен Загреб ЕуроОдаққа кіруге ұмтылады. Екі елдің өзара бітімге келіп, ынтымақтасуы – ЕуроОдаққа кірудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
XS
SM
MD
LG