Accessibility links

АҚШ президенті Барак Обама Мумбайға барды


Барак Обама Үндістандағы үшкүндік сапарын Мумбай қаласынан бастады. АҚШ президенті Үндістан басшыларымен экономика және аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты кездесулер өткізеді.

Үндістаннан кейін Барак Обама Индонезияға барады, әрі қарай оның сапары Оңтүстік Кореяда жалғасады. Оңтүстік Коряда "Жиырмалық тобының" саммитіне қатысады.

АҚШ президентінің Азия елдеріне сапары Жапонияда жалғасып, Азия-Тынықмұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысуы тиіс.
XS
SM
MD
LG