Accessibility links

Қытай мен Франция басшылары "Жиырмалық тобының" міндеттерін талқылады


Францияда сапармен жүрген Қытай жетекшісі Ху Цзинтао президент Николя Саркозимен "Жиырмалық тобы" елдері кездесуінің күн тәртібін талқылаудан өткізді.

Келіссөздерден кейін Саркози тараптардың көзқарасы көп мәселелерде бір арнаға тоғысады, соның ішінде Қытайдағы адам құқтарының жағдайы да сөз болды деп атап көрсетті.

Франция "Жиырмалық тобы" елдерінің алдағы саммитіне төрағалық ететін болады. Францияның адам құқын қорғаушылары Саркози Қытайда адам құқтарының бұзылып жатқанына көз жұма қарап отыр деп сынаған еді.
XS
SM
MD
LG