Accessibility links

Обама: АҚШ пен Үндістан террорға қарсы бірлік одақта


АҚШ пен Үндістанның бостандық идеалдарын қорғаудағы бағыттары бір деп мәлімдеді бүгін Мумбай қаласында президент Барак Обама. АҚШ президенті 2008 жылғы қараша айында террорлық шабуылдар салдарынан 160 адам қаза тапқан Мумбайдағы «Тәж-махал» қонақ үйінде сөз сөйледі.

Жексенбі күні Обама Делиге барып, Үндістан премьер-министрі Манммохан Сингхпен келіссөз өткізіп, парламент депутаттары алдында сөйлейді.

АҚШ президентінің Азия елдеріне сапары он күнге жалғасады.
XS
SM
MD
LG