Accessibility links

АҚШ президенті Үндістанмен жаңа сауда келісімі жасалғанын айтты


АҚШ президенті Барак Обама Үндістанмен жасалған құны 10 миллиард доллар болатын сауда келісімі туралы хабарлады.

Оның айтуынша, Құрама Штаттар Азияны әсіресе, Үндістанды келешек нарық ретінде қарастырады. Обама бұл туралы Азия елдеріне 10 күндік сапары басталған Мумбайда айтты.

2008 жылы Мумбай шабуылдары болған аймаққа барған Обама Үндістан мен АҚШ терроризмге қарсы күресте бірігіп отыр деді. Бүгін Обама Нью-Делиге барып, премьер-министр Манмохан Сингхпен кездесіп, ел парламентінде сөз сөйлейді.
XS
SM
MD
LG