Accessibility links

Обама: Мьянмадағы сайлаулар еркін емес


АҚШ президенті Барак Обама Мьянмадағы сайлауды еркін әрі әділетті емес деп айтты.

Үндістанға үш күндік сапармен барған Обама бұл пікірін Мумбайда студенттермен кездесуінде білдірді. Оның айтуынша, Мьянма халқы өте ұзақ уақыт өз тағдырларын шешу құқынан айрылып келді.

Бүгін әскери хунта жетекшілік ететін Мьянмада соңғы 20 жылда бірінші рет сайлау өтіп отыр. Ел оппозициясының белсенділері, оның ішінде оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжи қамауда отырғандықтан бұл сайлау демократиялық емес деп қатты сынға алынып отыр.

1990 жылғы сайлауда Аун Сан Су Чжи партиясы басымдықпен жеңген болатын. Бірақ оппозицияның жеңісін әскери билік мойындаған жоқ.
XS
SM
MD
LG