Accessibility links

Иран: ядролық келіссөздер Түркияда болуы мүмкін


Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки бір жылдан аса уақыт тоқтап қалған Иран мен әлемнің жетекші елдері арасындағы ядролық келіссөздер мүмкіндігінше тезірек Түркияда қайта басталуы мүмкін деді.

Моттаки бұл туралы жексенбі күні Теһранда журналистерге мәлімдеп, Иранның келіссөздерді Түркияда өткізуге ниет танытуы-түріктер біздің досымыз болғандықтан деген. Ол кездесудің қай жерде, қашан өтетінін туралы әлі талқыланып жатыр деп айтты.

БҰҰ-ның тұрақты мүше елдерімен қоса Германия Иранға ядролық келіссөздерді қарашаның 15-і мен 17-і аралығында Венада өткізуді ұсынған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG