Accessibility links

Оңтүстік Кореяда "Үлкен-20" тобының жиынына қарсылық танытылды


Оңтүстік Корея астанасында мыңдаған адам шеру өткізіп, алдағы аптада өтетін "Үлкен-20" тобының саммитіне наразылық танытты. Олар қолдарына "біз әлемнің бүкіл болашағын шешуді тек 20 елдің қолына ғана беріп қоймаймыз" деген ұрандарды алып шыққан.

Шеру болған аймаққа 9 мыңдай полиция күштері тартылды. Екіжақты қақтығыстар болмады. "Үлкен -20" тобын сынаушылар 1999 жылы құрылған форум жұмыс орнын ашуда қажетті шара атқармады, әлеуметтік мәселелерге мән бермей келеді дейді.

Аталған саммит қарашаның 11-12-і күндері Сеулде өткізілмекші.
XS
SM
MD
LG