Accessibility links

Интернетте журналисті ұрып жатқан бейнежазба пайда болды


"Life News" интернет порталында мәскеулік журналист Олег Кашинді белгісіз біреулер ұрып жатқан сәт бейнеленген видео пайда болда. Бұл журналист тұратын үйде орналасқан бақылау камерасындағы жазу.

1 минут 20 секундқа жалғасқан жазбада белгісіз біреулер журналисті шалып құлатып, біразға дейін темір шыбық сияқты затпен аяусыз ұрғаны бейнеленген. Кашин жұмыс істейтін «Коммерсант» басылымының бас редакторы Михаил Михайловтың сөзінше, журналистің саусақтары сынған. Шабуыл жасағандар оны "ендігіде қолына қалам алып не компьютерде жазбасын деген болуы керек" деген болжам айтады. 30 жастағы Олег Кашин негізінен саяси тақырыптарға жазып келген.

Жексенбі күні Мәскеудегі қалалық ішкі істер басқармасы алдына шабуылдан қатты жараланған журналист Олег Кашинді қолдаушылар жиналып, Ресей президенті Дмитрий Медведевке үндеу жолдайды.

Сенбі күні түнде ауыр соққыға жығылған «Коммерсант» басылымының тілшісі қазір ауруханада ес-түссіз жатыр. Журналистің әріптестері мен қоғамдық белсенділер биліктен журналистке қарсы шабуылды әділ және толық тергеуді талап етуде.
XS
SM
MD
LG