Accessibility links

Ақмола облысында аудан әкімі пара алу кезінде ұсталды


Ақмола облысының Есіл ауданы әкімі Сергей Ерин жарты миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Мұрат Құдаскиннің мәлімдеуінше, лауазым иесі жергілікті кәсіпкерге жер телімін бөлу жөніндегі шешім шығару үшін «сыйақы» талап еткен.

Күдікті пара алу кезінде ұсталды. Қазір әкімнің үстінен «аса ірі көлемде пара алды» деген күдікпен ҚР ҚК-сінің 311-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG