Accessibility links

Ирақтың Кербаласында террорлық қастандық болды


Дүйсенбі күні Ирақтың Кербала қаласында бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан кем дегенде 10 адам мерт болып, ондаған кісі жараланды.

Бастапқы мәлімет бойынша, қаза тапқандардың ішінде Ираннан келген зиярат етушілер бар көрінеді. Олар шийттердің қасиетті қаласына осы күні келіп жеткен.

Кербалада комендант сағаты орнатылды.

Террорлық қастандық Ирақтың жетекші саяси блоктарының соңғы парламент сайлауынан 8 ай өткенде ғана жаңа үкімет жасақтау туралы өзара уағдаласқан күннің ертеңіне болып отыр.

Дүйсенбі күні негізгі саяси партиялар мен блоктардың көсемдері келісімді бекіту үшін жиналуға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG