Accessibility links

Ирақта террорлық қастандықтан 7 кісі опат болды


Дүйсенбі күні Ирақтың Карбала қаласында бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан соңғы дерек бойынша 7 адам мерт болып, кем дегенде 30 кісі жараланды.

Бастапқы мәлімет бойынша, қаза тапқандардың ішінде Ираннан келген зиярат етушілер бар көрінеді. Олар шийттердің қасиетті қаласына осы күні келіп жеткен.

Карбалада комендант сағаты ортанылды.

Террорлық қастандық Ирақтың жетекші саяси блоктарының соңғы парламент сайлауынан 8 ай өткенде ғана жаңа үкімет жасақтау туралы өзара уағдаласқан күннің ертеңіне болып отыр.

Дүйсенбі күні негізгі саяси партиялар мен блоктардың көсемдері келісімді бекіту үшін жиналуға тиіс.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG