Accessibility links

Долинкада тұтқындар жаппай тәндерін тілгіледі


Қарағанды облысындағы Долинка мекенінде орналасқан қатаң тәртіпті колонияда тұтқындардың тәндерін жаппай тілгілеп тастады. Ол туралы Азаттыққа тұтқындардың құқын қорғаушы Вадим Курамшин хабарлады. Бұл хабарды жергілікті баспасөз агенттіктері де растады.

Жеті тұтқын өздерін үнемі ұрып-соғуға наразылық білдіріп қарындарын кескен. Төртеуі ауыр халде.

Курамшиннің хабарлауынша, түрме әкімшілігі болған төтенше оқиғаның қалың жұртқа мәлім болуынан сескеніп, өздерін жаралаған тұтқындарды дәрігерлік операцияға жібермей отыр.

Тұтқындардың қолдарында түрме әкімшілігінен оқиғаға нақты кімдердің кінәлі екенін жазған қолхаттары бар көрінеді.
XS
SM
MD
LG