Accessibility links

АҚШ президенті үнді премьерімен келіссөз өткізді


Дүйсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Делиде үнді премьер-министрі Манмохан Сингхпен келіссөз өткізді.
Обама Үндістан мен Пәкістан басшыларын екі арадағы қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге шақырды және, сонымен бірге, АҚШ-тың екі жақты қандай да бір шешім қабылдауға күштей алмайтынын мәлімдеді.

1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алғаннан бері Үндістан мен Пәкістан Гималайдағы Кашмир жері үшін өзара үш рет соғысты.

Манмохан Сингх дүйсенбі күнгі келіссөздің барысында қауіпсіздік, терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес және экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланғанын хабарлады.

Оның алдында Мумбайда Барак Обама Үндістанмен арада 10 миллиард доллардың сауда келісімне қол қойылғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG