Accessibility links

Ресейде журналистерді таяққа жығу көбейді


Соңғы кезде Ресейде журналистерге қарсы қастандықтар жиілеп барады.

Өткен сенбіге қараған түні Мәскеудегі өз үйінің маңында Олег Кашин деген журналист аяусыз таяққа жығылды. Қазір ол аурухананың реанимация бөлімінде ес-түссіз халде жатыр. Оған екі рет операция жасалды.

Ресей прокуратурасының жанындағы тергеу комитеті Олег Кашинге оның журналистік кәсібі мен өзінің Интернет-блогінде білдірген жеке көзқарасы үшін қастандық жасалуы мүмкін деп мәлімдеді.

Дүйсенбіге қараған түні Мәскеу түбіндегі Жуковск қаласында «Жуковские вести» газетінің тілшісі Анатолий Адамчукті белгісіз қаскүнемдер таяққа жығып кетті.

Редакцияның маңайында оны басын ұрып жықты. Газеттің бас редакторы бұл қастандық журналистің кәсібімен байланысты болды деп жориды.
XS
SM
MD
LG