Accessibility links

Астанада ЕҚЫҰ Саммиті кезінде бірқатар шектеулер болады


Астана қаласы әкімшілігінің ресми сайтында желтоқсан айында өтетін Саммит кезінде тұрғындар мен қала қонақтарына қойылатын шектеулержарияланды.

Атап айтқанда, 2010 жылғы 1-2 желтоқсан Астанада демалыс күндері болып жарияланып, бұл уақыт жұмыс күндері ретінде 2010 жылғы 27-28 қарашаға ауыстырылды.

Қала мектептері мен колледждерде, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында күзгі және қысқы каникул есебінен 2010 жылғы 29 қараша мен 5 желтоқсан аралығы демалыс күндері болып белгіленді.

2010 жылғы 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қаланың барлық базарлары жұмыс істемейтін болады.

Сондай-ақ, 1-2 желтоқсан аралығында бірқатар көшелер мен әуежайға баратын тас жолда қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, кей қоғамдық көліктер мүлдем жүрмейтін болады.

Саммит күндері барлық ішкі әуе рейстері тоқтатылады. Бұдан бөлек, демалыс орындары (түнгі клубтар, барлар және т.б.) 2010 жылғы 30 қарашамен мен 2 желтоқсан аралығына жабылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG