Accessibility links

Буш президент кезіндегі даулы шешімдерін қорғады


Бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілігіп отырған АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буш өзінің президент кезіндегі ең даулы шешімдерін қорғады. Американдық NBC телеарнасына берген сұхбатында Буш лаңкестер деп күдіктелгендерге қатал тергеу әдістерін қолдану террорлық шабуылдардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтады деп мәлімдеді. Сонымен қатар Буш 2003 жылы Ирақты басып кірген соң АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштерінің жаппай қырып-жою қаруларын таба алмағанына өзінің ашуланғанын айтты. Саддам Хуссейнді биліктен құлату үшін Ираққа басып кіру жөніндегі шешімім дұрыс болды деп мәлімдеді Буш.

Бүгін АҚШ кітап дүкендеріне Джордж Буштың "Маңызды шешімдер" деп аталатын мемуары сатылымға түсті.
XS
SM
MD
LG