Accessibility links

Мигранттар өз елдеріне 325 млрд доллар аударған


Дүниежүзілік Банктің баяндамасына сәйкес, экономикалық дағдарысқа қарамастан мигранттар өз елдеріне үлкен қаржы сомаларын жіберулерін жалғастырып жатыр, 2010 жылғы көрсеткіш бойынша ол сома шамамен 325 миллиард долларға жеткен. Бұл соңғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп.

Ең көп ақша аударылған елдер қатарында Үндістан, Қытай, Мексика және Филиппины бар. Үндістан шетелдегі азаматтарынан 55 миллиард доллар алса, Қытайға 51 млрд ал Мексикаға шамамен 23 миллиард доллар аударылған.
XS
SM
MD
LG