Accessibility links

ЕуроОдақ Израилді Шығыс Иерусалимде үй салмауға шақырды


Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштон Израилді басып алынған шығыс Иерусалимде еврейлерге арналған үй салу жоспарын жүзеге асырмауға шақырды. Эштонның айтуынша, Израилдің шығыс Иерусалимде 1300 жаңа үй салу жоспары Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік келіссөздерін жандандыруға бағытталған халықаралық әрекеттерге қайшы келеді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Израиль үкіметінің жоспарына байланысты алаңдаушылық танытты. АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон бейсенбі күні Нью-Йоркте Израиль премьер-министрі Бенямин Нетаняхумен кездесуі барысында осы мәселені көтермек.

Палестина президенті Махмуд Аббастың көмекшісі егер Израиль пәтер салуын жалғастырса, Палестина келіссөздерге мүлдем оралмайды деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG