Accessibility links

LiveJournal Рахат Әлиевтің блогын кілттеп тастады


Танымал LiveJournal блог-платформасы Рахат Әлиевтің блогын кілттеп тастады. Бұл туралы "REGNUM Новости" агенттігі хабарлайды.

Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазір Венада тұрып жатқан бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің аккаунты орналасқан http://rakhataliev.livejournal адресінде: "Бұл журнал кілттенген, ондағы посттар оқылмайды" деген жазу тұр.

Естеріңізде болса 2008 жылдан бері Қазақстанда LiveJournal ашылмайды. Бақылаушылардың пікірінше "Әлиев Қазақстан билігін әшкерелейтін материалдар жариялау үшін LiveJournal платформасын таңдап алғандығы, оның Қазақстанда кілттенуіне себеп" болып отыр, деп жазады "REGNUM Новости" агенттігі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG