Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында әуе бомбасы табылды


Қазақстанның батысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасын табылды. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланып отыр.

Жарылғыш затты жергілікті тұрғын Батыс Қазақстан облысының Шұғай стансысынан 15 шақырым жерден тауып алған. Арнайы шара барысында оның ұзындығы 1 метр, диаметрі 0,4 метр болатын әуе бомбасы екендігіндігі анықталған.

Бомба табылған жер қоршауға алынды. Зардап шеккен ешкім жоқ.
XS
SM
MD
LG