Accessibility links

Алматы облысында Назарбаев қоры лицей ашпақ


Алматы облысында мамандандырылған "Арыстан" лицейінің құрылыс аяқталды. "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының" қолдауымен ашылатын білім ордасы, 20011 жылдың қаңтар айынан бастап жасөспірімдерді қабылдай бастайды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Лицейге 9 бен 11-ші сынып оқушылары түсе алады. Олардың денсаулығы мықты және республикалық немесе халықаралық олимпиадаларда жүлделі орынға ие болуы қажет.

Лицей әскери қызметтің қыр-сырын үйрететін элиталық білім ордасы болмақ. Білім ордасының түлектері Қазақстан қорғаныс министрлігінің жоғары білім ордаларында білімін жалғастыратын болады.

Білім ордасы Талғар ауданында орналасқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG