Accessibility links

Ресей соты Химкидегі журналисті айыпты деп таныды


Ресей соты осыдан екі жыл бұрын қатты соққыға жығылып, миына зақым келген журналисті жала жапты деп айыптады. Хабарларға қарағанда, "Химчинская правда" басылымының редакторы Михаил Бекетовқа ешқандай жаза үкімін шығармаған.

Бекетов машинамды жарып жіберу әрекетіне Химки қаласының әкімі қатысты деп айыптаған соң, журналист сотқа тартылған болатын. Сот Бекетовқа 160 доллар айыппұл салды.

Журналист Бекетов Мәскеу жанындағы Химки қаласының орманында тасжол салу туралы даулы жоспар жөнінде мақала жазып жүрген кезінде соққыға жығылған болатын. Бұл мәселе туралы материал жинаған "Коммерсант" тілшісі Олег Кашинге де шабуыл жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG