Accessibility links

Медведев Пхеньянның ядролық бағдарламасына алаңдаулы


Оңтүстік Кореяға сапармен барып отырған Ресей президенті Дмитрий Медведев Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасына қайтадан алаңдаушылық танытты. Оңтүстік Кореялық басылымға берген сұхбатында Медведев Пхеньянның ядролық амбициясы Солтүстік-шығыс Азия мен Ресейдің шығыс аймағында саяси және әскери теке-тіресті туғызып отыр деп мәлімдеді. Медведевтің айтуынша, Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасайтын жері Ресейден 100 шақырым жерде орналасқан.

Ресей президенті Мәскеу Пхеньянның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені дипломатия арқылы шешуді қалайды деп қайталап айтты. Сеулге сапары барысында Медведев Оңтүстік Корея президенті Ли Мюнг-бакпен кездесіп, "Үлкен жиырмалық" тобы саммитіне қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG