Accessibility links

Ахмадинежад: Иран ядролық келіссөз өткізбейді


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Теһран әлемнің алпауыт елдерімен арадағы келіссөздерде өзінің даулы ядролық бағдарламасын талқыламайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран ғаламдық мәселелер мен бейбітшілік және қауіпсіздік жөнінде келіссөз өткізуді қалайды.

Осыдан бір күн бұрын Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Саид Жалили ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштонға Теһран өкілдері қарашаның 23-де немесе желтоқсанның 5-де Стамбулда кездесуге әзір деп мәлімдеген.

Эштонның баспасөз хатшысының айтуынша, ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы бұл ұсынысты Британия, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ-пен талқылайтын болады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен АҚШ және Еуропа Одағы уран байытуын тоқтатпай отырған Иранға жаңа санкциялар енгізгелі бері аталмыш елдер Теһранмен келіссөз жүргізбеген болатын.

Иран өзінің ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытып жатқанын айтады. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG