Accessibility links

Сот "Арман" қозғалысын жабу туралы шешім шығарды


Алматының экономикалық соты "Арман" қозғалысын жабу туралы Әуезов аудандық прокуратурасының шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы Азаттыққа қозғалыс белсендісі әрі қозғалыс жетекшісінің әйелі Зоя Нарымбаева хабарлады.

Оның сөзінше, прокуратура "Арманды" қоғамдық ұйымдар мен бейбіт шерулерге қатысты заңды бірнеше рет бұзғандығы үшін жабуды сұраған. Сәрсенбі күні шығарған соттың шешімін, бүгін қолға алуы тиіс қозғалыс белсендісі бұл шешімді даулайтындығын айтады.

Бұдан бөлек, "Арман" қозғалысының түрмеде отырған жетекшісі Ермек Нарымбаев қазір санитарлық бөлімнің жансақтау бөлімінде жатыр, дейді Зоя Нарымбаева. Семей қаласындағы ОВ 156/15 түзету мекемесінде жатқан Ермек Нарымбаевтың аштық жариялап жатқандығына 80 күннен асты.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG