Accessibility links

Ирақта жаңа үкімет құру бойынша келісім жасалды


Ирақтың автономиялық күрдтер аймағының президенті Массуд Барзанидің айтуынша, елдегі барлық ірі саяси блогтар жаңа үкімет құру туралы келісімге келген. Бұл келісім сегіз айға созылған саяси дағдарысқа нүкте қоймақ. Барзанидің айтуынша, премьер-министр мен президент және парламент спикері лауазымдарына байланысты келісім жасалған. Шииттер альянсының жетекшісі Нури әл-Малики екінші мерзімге премьер-министр болып қала берсе, президент Жалал Талабани өз қызметін жалғастырады деді Барзани. Оның айтуынша, суниттердің Ирақия альянсы өз өкілін парламент спикері етіп таңдаса, осы альянстың жетекшісі бұрынғы премьер-министр Аяд Аллауидің өзі жаңа Стратегиялық саясат кеңесін басқаратын болады.

325 орынға ие Ирақ парламенті наурыздың 7-дегі сайлаудан бері екінші рет отырысын бүгін өткізбек. Барзанидің айтуынша, барлық ірі саяси блогтар парламент отырысына қатысуға келіскен.
XS
SM
MD
LG