Accessibility links

Пәкістанда зымыран шабуылынан 5 адам мерт болды


Пәкістанның қауіпсіздік ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, елдің тайпалы аймағында пилотсыз басқарылатын АҚШ ұшағының зымырандық шабуылынан бүлікші деп күдіктелген кемінде 5 адам қаза тапқан. Бұл шабуыл Солтүстік Вазиристанның Гулам Хан аймағындағы бір үйді нысанаға алған.

Бұл аумақта Ауғанстандағы НАТО жетекшілігіндегі күштерге шабуылдайтын Талибан мен Әл-Қаида бүлікшілері белсенділік танытады.

Соңғы кездері АҚШ Пәкістанның тайпалы аймақтарындағы исламшыл бүлікшілер деп күдіктелгендерге зымырандық шабуылдарын күшейткен болатын. Қыркүйек айының басынан бері мұндай шабуылдардан 200-ден астам адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG