Accessibility links

Даулы аудиотаспада Ауғанстандағы сайлау бұрмаланған делінеді


Ауғанстан сайлау комиссиясы жоғары лауазымды ресми өкілдің сайлау қызметкеріне таяудағы дауыс берулердің қорытындысын бұрмалауға бұйрық бергені туралы айыптауларды зерттеп жатқанын хабарлады. Тәуелсіз сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Нур Мохаммед Нурдың айтуынша, комиссияға келіп түскен даулы аудиотаспа тексеріліп жатыр. Онда Кабулдағы бір сайлау жұмыскері мен энергетика және су министрі Исмаил Ханның телефон әңгімесі жазылған делінеді.

Аудиотаспадағы сөздерге қарағанда, сайлау қызметкеріне Херат өлкесінде жеңіске жеткен үміткерлердің тізімін бұрмалау жөнінде бұйрық берілген көрінеді. Исмаил Ханның баспасөз хатшысы осы хабарға байланысты пікір білдіруден бас тартты.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG