Accessibility links

Клинтон Нетаньяхумен келіссөз жасасты


Нью-Йоркте АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Израиль премьер-министрі Палестина-Израиль арасындағы бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруға байланысты ақылдасты.

Хиллари Клинтон мен Биньямин Нетаньяху тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға ықпал ететін тікелей келіссөздерді қайта жандандыруға екеуінің де мүдделі екендерін мәлімдеді. Олардың қорытынды мәлімдемелерінде палестиналықтармен кез-келген бейбіт келісім жасасқан кезде Израильдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы талабы "толық ескеріледі" делінген.

Вашингтон мұрындық болған тікелей келіссөздер қыркүйекте басталған. Бірақ Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы құрылыс жұмыстарына қайта кіріскен соң Палестина тарабы одан бас тартты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG