Accessibility links

Долинкада тәндерін тілген сотталушыларға қатысты сот аяқталды


Бүгін таңертең Қарағанды қаласының Шахтинск қалалық сотында Долинка түрмесінің бір топ сотталушыларына қатысты шешім шықты. Түрме ішіндегі тәртіпті бұзды деген айыппен олардың әр қайсысына негізгі жазаларына тағы бір жыл түрме жазасы қосылды.

Бұл туралы Азаттық радиосына құқыққорғаушы Вадим Курамшин хабарлады.

Айып тағылғандардың ішінде интернетке тарап кеткен аты шулы бейнежазбаның "басты кейіпкері" Евгений Карауш та бар. Сотталушы Евгений Карауштың анасы Галина Добровольскаяның сөзінше, бұл сот процессі "өзгелерге сабақ болу үшін" ұйымдастырылған көрінеді.

Долинка түрмесінің бес сотталушысы осы жылдың 3 маусым күні өз денелерін тіліп тастаған еді. Олар ауруханаға жеткізіліп, ертесі колонияға қайта қамауға алынған. Көп ұзамай олардың бірі - Максим Қожанов түрменің санитарлық бөлімінде асылған күйі табылды.

Мамыр айының аяғында Интернетте, сотталушыны полиция киімін киген адамның ұрып жатқан бейнежазбасы тараған еді. Кейінен таяқ жеген сотталушы - Евгений Карауш, ал бейнежазбаның "операторы" - Максим Қожанов екендігі анықталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG